Көкшетауда «Ұлы дала жауһарлары» атты көрме ашылды
Атырау өңірінде табылған археологиялық жәдігерлер Көкшенің төрінде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала жауһары» атты көрмеге Атырау тарихи-өлкетану музейінің қорында жинақталған 277 экспонат қойылды.
Ішіндегі басты жәдігер, елімізде екінші болып табылған алтын адам- «Сармат көсемі». Ол Аралтөбе қорғанынан табылған еді. Алтынмен апталған «Сармат ханшайымы» келушілерді таң қалдырғаны сөзсіз. Сондай-ақ, қола, алтыннан жасалған әшекей бұйымдар, қыш ыдыстар мен қару - жарақ түрлері де көпшіліктің назарына ұсынылды. Екі өңірдегі музейлер арасында әріптестік дамыту мақсатында арнайы меморандумға қол қойылды.
Рашида Харипова, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
Бұ меморандумның негізгі мақсаты, біріншіден, археологиялық қазба жұмыстары кезінде тәжірибе алмасу. Екіншіден, экспозициялардың жасалуы және музей қорларын жинақтау, сақтау және оны көрерменге насихаттау мақсатындағы жұмыстарды жолға қою мақсатында меморандумға отырдық.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03