Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады

26.07.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин Eni компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті. Тараптар Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарында мұнай мен конденсат өндіру деңгейін арттыру мен сақтау жөнінде келіссөздер жүргізді. Жаңартылған энергия көздері жобаларын дамыту жайы да талқыланды. Алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында тиісті келісімдер жасалды. Айта кетейік, аталмыш компания елімізде 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында экономикаға 15 млрд доллардан астам инвестиция салған. Болашақта бірнеше маңызды жобаларды қолға алу үшін қос тарап бірқатар меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Асқар Мамин Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы бірқатар өзекті мәселелер, шекара маңы саудасы орталығын құру перспективалары талқыланды. Биыл қаңтар-мамыр айларында өзара тауар айналымы 26,2%-ға өсіп, 9 млрд долларға жуықтады. Қазақстанның Ресейге экспорты 40%-ке ұлғайған. Ақтау және Астрахан қалалары арасында Каспий теңізі круизін іске қосу мүмкіндігі қарастырылды. Жоба іске асса, шекара маңындағы өңірлердің сауда-экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Бауыржан Бөгенбай

Хабарламаларға жазылу