Сарапшылар ауыл әкімдерінің сайлауы туралы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар ауыл әкімдерінің сайлауы туралы пікір білдірді

26.07.2021

Ал әкімдер сайлауындағы бәсекелестікке келсек, орта есеппен бір орынға 3 адам таласқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл өте жақсы көрсеткіш. Яғни, ауылдардың дамуына үлес қосуға ниетті үміткерлердің жоғары белсенділігін байқатты.

Төлеутай Рақымбеков, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:
Сайлаушылардың өздері белсенді қатысу керек бұған. Сайлаған әкіміне көмектесу керек. Енді бір қуандыратыны оның барлығын өздері сезініп отыр. Мысалы, Атырау облысында Дамба ауылында болғанда 10-15 адам сөйлеп, ақсақалдар, апаларымыз сөйлеп, сонда айтып отыр әкім тек бюджетке ауызын ашып отырмай, қосымша ақша табатын жолдарын іздеуі керек.

Сарапшылардың айтуынша, халықтың әкімдерді тікелей сайлауы елдің дамуына үлкен пайдасын тигізеді.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен өзім барып келдім, мысалы үшін, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау аймақтарының барлығында қызығушылық өте мол, белсенділік өте жоғары. 65 пайыздан 80 пайызға дейін жоғары болып отыр.

Елдегі алты саяси партия өз өкілдерін ұсынған. Енді жеңіске жеткен үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын іске асыруға кіріспекші.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу