Елордада 300-ден аса қайырымдылық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 300-ден аса қайырымдылық шара өтті

21.07.2021

Жыл басынан бері Елордада қайырымдылық шаралары толастамай отыр. Оның аясында еріктілердің жəне кəсіпкерлердің қолдауымен 66 мыңдай адамға қаржылай қолдау көрсетілді. Əсіресе, қаладағы көмекке мұқтаж отбасылар мен мүгедек балаларды асырап отарған жанұяларға 10 мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылған. Игі шара əрі қарай да өз жалғасын табады. Жыл аяғана дейін жоспарланған Қайырымдылық істер марафоны аясында кез-келген адам көмекке мұқтаж жанға демеу көрсетіп, ықыласын білдіре алады. Қалада осыған дейін ашылған сегіз əлеуметтік орталық та əлжуаз топқа жататын азаматтардың өз ісімен айналысуына толық мүмкіндік беріп отыр.

Дəурен Бабамұратов, қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
«Алақай» деген атаумен осы жерде көпбалалы аналардың бірлескен тобы бар. Бүгінгі таңда ол жақта да қазір барлығы дайын. Жақын күндері ашамыз. Ол жерде арнайы тамақ даярлайтын орталық. Одан бөлек «Бақытты шаңырақ» деген бізде бірлестік бар. Сол бірлестіктің 4-інші орталығы арнайы психологиялық көмек көрсететін көп балалы мүгедек балаларды асырып отырған отбасылармен жеке жұмыс жасайтын орталықты аштық.


Хабарламаларға жазылу