Мәжіліс депутаты шығармашылық одақтарға статус беруді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты шығармашылық одақтарға статус беруді ұсынды

19.07.2021

Шығармашылық одақтардың жағдайы мүшкіл. Себебі әлі күнге дейін оларды тұрақты қаржыландыру көзі жоқ. Осы мәселе жазушылардың, композиторлардың, суретшілер мен театр қайраткерлерінің Мәжіліс депутатымен кездесуінде талқыланды. Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен шығармашылық одақтардың жұмысын қолдау мақсатында қор құрылып, бюджеттен 257 миллион теңге бөлінген. Десе де бұл қаражат игерілмей қалған. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мұның басты себебі, заң тетіктерінің әлі күнге дейін шикілігінде дейді. 

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жазушылар одағы, композиторлар, театр қайраткерлері, суретшілер одағы болсын ұлттық рух беретін, ұлттық тәрбиеге үйрететін одақтармен ит үйрететін одақтардың заңдық жағдайы бірдей. Бізде қазір 22 мың ұйым бар. Соның барлығы бірдей. Сондықтан бұлардың өз алдына жеке мемлекеттің стратегиялық серіктестігі деген статус ұсынуымыз керек. 


Хабарламаларға жазылу