Депутаттар Жаңаөзенді көркейтуге қатысты 10 ұсыныс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Жаңаөзенді көркейтуге қатысты 10 ұсыныс айтты

10.02.2022

Соңғы 20 жылда Жаңаөзен халқы 100 мың адамға көбейген. Бірақ, демография жақсы болғанымен, өңірде жұмыссыздық мәселесі өзекті. Мәжіліс депутаттары қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін Үкіметке 10 ұсыныс айтты. Ең алдымен жұмыссыздардың тізімін жасақтап, цифрлық платформаға енгізу кажет деп есептейді. «Өзенмұнайгаз»-ға қызмет көрсететін 7-8 сервистік компания қасынан аутсорсинг мекемелер құрып, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды жұмыспен қамту қажет, деді. Қаланы дамытудың жоспарын жасап, «арнайы экономикалық аймақ» құру қажет. Депутаттар Жаңаөзенде шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашуды, кәсіпкерлерге пайызы төмен несие беруді де ұсынды.

Самат Мұсабаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Өзенмұнайгаз» АҚ жыл сайын Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 750 млн теңге көлемінде қаржы бөліп келеді. Бұл «Өзенмұнайгаз»-дың мұнайдан түсетін жылдық пайдасының 0,5% ғана екенін ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бөлінетін қаржының көлемін кем дегенде 5-10 есеге дейін ұлғайту қажет.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу