Депутат «ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат «ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынды

21.02.2024

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Ұлттық киім күнін бекітуді ұсынды. Ол өзінің депутаттық сауалын Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады. Халық қалаулысы ұлттық нақыштағы киім кию дәстүрін тек Наурыз, акция, челлендждермен шектемеу керек деді. Осы орайда, мектеп оқушыларынан бастап, түрлі қызметкерлердің киімдеріне ұлттық нақышты бейнелеуді ұсынды.

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біріншіден, ұлттық киімдерімізді ұлықтау мақсатында республикалық деңгейде «ұлттық киім» күнін бекіту. екіншіден, мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің киімдеріне қазақи айдентика элементтерін қосу.үшіншіден, ұлттық киім өндіретін отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, бизнесті қолдауға бағытталған гранттарда ұлттық киім кәсібіне басымдық беру.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу