Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді

13.07.2021

Мұнай бағасы ұлттық валюта бағамына әсер етуші басты фактор боп қалуда. Бұл жайында Ұлттық Банктің өкілдері тағы да бір еске салды. Атап айту керек, өткен маусым айында мұнай бағасының өсуіне қарамастан, теңгенің бағамы артынан ілеспей, қатты нығаймады. Мамандар бұл жағдайды бірнеше фактордың әсерімен түсіндірді.

Ұлттық валютаның бағамын қалыптасып отырған негізгі фактор – мұнай. Қара алтынның бағасы өскеніне қарамастан теңгенің бағамы бірқатар ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардың салдарынан маусымда тиісті деңгейде нығая алмады.

Нұржан Нұрғазин, Қазақстан Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары:
Біріншіден, әлемдік қаржы нарығының динамикасы әртүрлі болып қалуда. Бір жағынан, әлемдік ішкі жалпы ұлттық өнім өсу болжамдары жақсаруда және вакцинацияның қарқыны жалғасып отыр. Екінші жағынан, әлемдегі инфляциялық күтулер және COVID-19-дың «Дельта» штаммының таралу қарқыны өсуде.

Оның айтуынша, ең алдымен, іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуі аясында тауарлар импортының өсімі ішкі факторлардың қатарына жатады.

Нұржан Нұрғазин, Қазақстан Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары:
Шетел валютасына сұраныстың өсуі шетелдік инвесторларға дивидендтер төлем сияқты маусымдық факторларға байланысты.

Осы аталған факторлардың барлығы да маусым айында ұлттық валютамыздың бекуіне кедергі болды деді мамандар.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу