Жамбыл облысында бір адамды пойыз қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында бір адамды пойыз қағып кетті

15.04.2014
Жамбыл облысында бір адамды пойыз қағып кетті
Теміржолдың бойында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан Жамбыл облысында апталдай азамат қайтыс болды. Жасы 35-40-тар шамасындағы азамат жүк пойызын өткізіп жіберіп, артынша жүгіріп өте беремін дегенде қарсы келе жатқан жолаушылар пойызы соққан.
 
«Шақпақ Бурное» аралығындағы жол үстіне ол табан астында шыға келгендіктен машинистің пойызды тоқтатуға мүмкіндігі болмаған. Марқұмның денесі Тараз қаласындағы мәйітханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
 
Соңғы уақытта өңірде теміржол бойында жазатайым жағдайлар жиілеп кетті. Былтыр 13 адам абайсызда пойыздың астында қалса, биылдың өзінде осымен 2 азамат теміржолдың бойында қайтыс болды
 
Орынбай Дүйсенбиев, Жамбыл станциясы Ішкі істер желілік басқармасы бастығының орынбасары:
Теміржолда белгіленбеген жерден өткені үшін 2014 жылы бірінші тоқсанда 271,  2013 жылы 277 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
 
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу