Қандастардың азаматтық алуы жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастардың азаматтық алуы жеңілдейді

12.07.2021

Елге қайтқысы келетін шетелдегі отанстарымыздың бұрын ұзаққа созылған құжат рәсімдеу процесі біршама қысқартылатын болады. Бұл туралы бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді. Ол қандас мәртебесін үш күнде, ал Қазақстан азаматтығын үш айдың ішінде алуға болатынын айтты.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:
Біздің ұсыныспен құжаттарды азаматтық беру бойынша құжаттарды оңтайландыру процестері жүргізіліп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін іске қосылады деген үміттеміз. Ол кезде, мысалы, 46 құжаттан 26 құжатқа дейін қысқарту көзделген.

Шетелдегі қандас талапкерлерге бөлініп жатқан мемлекеттік гранттардың саны да екі пайыздан төрт пайызға ұлғайды. Биыл тест тапсырғандардың нәтижелері әзір белгісіз. Алайда, соңғы үш жылда дайындық бөлімдеріне бөлінген үш жарым мың гранттың 90 пайызы игерілген екен. Былтыр алғаш рет онлайн өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде 500-ден астам қандас грантқа ие болды. Үш жарым мыңдай оқушы мемлекеттік квота аясында да шекті балл жинап оқу орындарына түсті.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:
Барлық шетелдік студенттерге, яғни қандастырымзға жатақхана міндетті түрде беріледі. Ол үшін біз мынау жоғары оқу орындарының басшыларына өз ризашылығымызды, алғысымызды білдіреміз. Әрқашан осылай қолдап жүреді. Сонымен қатар мынау колледждер мәселесі. Колледждерге мынау мемлекет тарапынан оған тағы 4 пайыз квота берілген болатын.

Сондай-ақ, қордың көмегімен 12 елде кезек-кезегімен ашылған қазақ тілін тегін үйрететін онлайн сыныптары да өз жұмысын жалғастырып келеді. Тек өткен жылы ғана 400-дей қандасымыз тілді жетік меңгеріп шықты.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу