Қостанай облысында бір тәулікте 92 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бір тәулікте 92 адамнан коронавирус анықталды

12.07.2021

Қостанай облысында короновирус инфекциясының таралуы күрт артты. Соңғы тәулікте 92 адам індет жұқтырған. Осыған байланысты облыс «қызыл» аймаққа кірді. Әзірге шектеу шараларын күшейту туралы айтылған жоқ. Дегенмен медицина қызметкерлері жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тұрғындарды сақтық шараларына жауапты қарауға шақырып отыр. Былтыр сәуір айынан бастап Қостанай облысында 17 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Оның 16 мыңнан астамы жазылып шыққан.

Гүлфия Дәндібаева, Қостанай қаласының тұрғыны:
Қазіргі күрделі жағдайдан шығатын жол біреу – ол жаппай вакцина алу, Біз тарихтан жер бетінде тұтас қалаларды жалмаған талай індеттің тарағанын білеміз. Тек вакцинаның арқасында адамдарда ұжымдық иммунитет қалыптасып, ол індеттер бізге қазір қауіпті болмай қалды. Мен жерлестерімді алып-қашпа сөзге емес, ғылыми дәлел-дәйекке сенуге, екпе жасатып, індеттің таралуын тоқтатуға үлес қосуға шақырамын.

Ал, Қарағанды облысында ертеңнен бастап карантиндік шектеулер күшейтілді. Жаңа тәртіп бойынша мерекелік шараларды, еске алу өзге де отбасылық жиындарды өткізуге тыйым салынған. «Ashyq» жүйесіне қосылғанына қарамастан кинотеатрлар мен театрлар және концерт залдары жұмыс істемейді. Қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде «Ashyq» жобасы пайдаланылатын мейрамхана, кафе, асханалардың жұмыс істеу уақыты қысқартылған.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу