Англия Еуропа чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Англия Еуропа чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалға шықты

08.07.2021

Англия Еуропа чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалға шықты.  Кеше түнде жартылай финалда Дания құрамасымен кездескен Гарет Саутгейт шәкірттері 2:1 есебімен басым түсті. 30-шы минутта Дания футболшысы Миккель Дамсгор есеп ашқан. 39-минутта Англия есепті теңестірді. Симон Кьер өз қақпасына гол салды. Бұл- осы турнирдегі 11-ші автогол екенін еске салайық. Негізгі уақытта есеп теңескен соң, ойын овертаймға ұласты. Овертаймның 104-минутында Гарри Кейн Англияға жеңіс сыйлады. Енді 11 шілде финалда Италия мен Англия құрамалары Еуропа чемпионын анықтайды.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу