Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Словакия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Словакия матчын тікелей эфирде көрсетеді

15.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Словакия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының екінші тур ойындары басталады. Алғашқы ойын «В» тобындағы Ресей және Словакия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Ресей құрамасы Еуропа чемпионатына биыл 4-ші рет қатысып жатыр. 2008 жылы ресейліктер бұл біріншілікте үшінші орын алған болатын. Айта кетейік, бірінші турда Ресей құрамасы Англия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнаған.

Ал, Словакия құрамасы Еуропа чемпионатына биыл тұңғыш рет қатысып жатыр. Өткен турда словак футболышлары Уэльс құрамасына  1:2 есебімен ұтылған.

Айта кетейік, Ресей-Словакия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 16 маусымда, сағат 08:40-та көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу