Жамбыл облысында жеті су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жеті су қоймасы салынады

08.07.2021

Жамбыл облысында келер жылы 7 жаңа су қоймасы салынады. Соның арқасында 34 мың гектардан астам суармалы жерді қайта қалпына келтіруге болады. 2025 жылға дейін елді мекендердегі су арналары жаңартылады. Бұл шағын кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Бұл жайында Жамбыл облысына барған Мәжіліс депуттары айтты. Гродекова ауылындағы «Тимофеев» шаруа қожалығында болған халық қалаулылары шаруалармен бірге агросаланы дамыту жолдарын талқылады. Жалпы қожалық 2500 гектар жерге егін еккен. 34 жергілікті тұрғын осында жұмыс істейді.

Мейрамбек Төлепберген,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жем-шөп мәселесін, және судың тапшы бола бастауы сосын тауарлардың картоп секілді сәбіз сияқты тауарлардың қымбаттауы елді алаңдатпай тұрмайды, сондықтан бағаны тұрақтандыру, өзіміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, қамтамасыз ету керек. Мәселен картоп мәселесін еліміз өз ішкі нарығын 110 пайызға қамтый алады. Осындай мәселелерде Жамбыл облысының мүмкіндігі көп.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу