«Астана ақшамы» газетіне - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана ақшамы» газетіне - 25 жыл

13.10.2015
«Астана ақшамы» газетіне - 25 жыл

1990 жылы 13 қазанда  іргетасы қаланған, бүгінде елорданың ең басты үнжариясына айналған - «Астана ақшамы» газетіне биыл  25 жыл.

Осы ширек ғасыр ішінде ол өсу, өркендеу кезеңдерінен өтіп, қаланың тыныс-тіршілігін алған асулары мен жеткен жетістіктерін қалың бұқараға жүйелі жеткізуші, мазмұны байыған, ойы кемелденген басылымға айналды.

Алғашында «Ақмола ақиқаты» деген атпен шығып, кейін «Ақмола ақшамынан» атауы «Астана ақшамы» деп өзгерді.

Әсем қала Астанамызбен бірге күн санап өсіп өркендеп, оқырманы көбейген басылымның дизайны да жыл өткен сайын түрленуде.  

«Астана ақшамы» газеті туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу