Биыл 57 мыңнан астам талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балды жинай алмады. Бұл алғаш рет электронды форматта өткен ұлттық бірыңғай тестілеудің қортындысында белгілі болды. Жалпы, теске 145 мың оқушы қатысты. Орташа бал, 69,08. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 балға көп. Ең жоғары 140 балды павлодарлық бір ғана түлек жинады. Биыл тестілеу алғаш рет «бір компьютер, бір тестілеу, бір камера» қағидасымен өтті. Талапкерлер, сәуірден бері қай күні, қашан, қалай , қай жерде тапсыратынын өздері таңдады. Белгіленген сұрақтарды қайта өзгертуге рұқсат берілді. Калькулятор, Менделеев кестесін қолдануға мүмкіндік жасалды. Апеллияцға берілген өтініштің нәтижесі тест аяқталған соң лезде шықты. Десе де, ақпараттық қауіпсіздік қатаң сақталды. Талапкерлер, тест тапсыру үшін бір емес, үш рет тексеруден өтті. Соған қарамастан ереже бұзғандар да аз емес. Масканың ішіне шпаргалка жасырғандар, ұлтарақтың астына телефон салғандар, микроқұлаққап киігендер де болған.
Наужан Дидарбекова, ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:
18 адам бөгде тұлғаны кіргізді 756 тымый салынған затты алып кірмекші болды, 1305 адам ереже бұзғаны үшін тестілеуден шығарылды. 25 тамызға дейін барлық бейнежазбьаны түгел зерделейміз. Тіпті грантқа түскендер грантынан айырылуы мүмкін.
Раушан Сайлауқызы