Шымкент қаласында індеттің өршіп, «қызыл» аймаққа енуіне байланысты бүгіннен бастап карантин талаптары қатаңдатылады. Мегаполисте мобильді топтардың және бірыңғай үйлестіру орталығының жұмысы күшейтілді.
Cондай-ақ, Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 15 шілдеге дейін ұзартылды. Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында бұл мерзім эпидахуалдың өзгеруіне қарай қайта қаралуы мүмкін делінген. Бүгінде ковид жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлар тек 10 пайызға толған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен шектеулерді сақтауға шақырады.
Берік Көшербай