Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Зубовск ауылында қызы мен шешесі суға батып кетті. Ойнап жүріп, суға түсіп кеткен 8 жасар қызын құтқармақ болған анасы да қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 жастағы әйелдің денесін құтқарушылар Бұқтырма өзенінен алып шыққан.
Жалпы өңірде шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға кеткен, оның 2-і - бала.
Берік Көшербай