Алматы облысында толассыз жауын-шашын салдарынан таудан аққан жаңбыр суы Пенжім ауылының көшелеріне кірді
Төтенше жағдай кеше кешкі тоғыздар шамасында болған. Панфилов ауданы басшылығының мәліметінше елді-мекеннің 8 көшесін су алған. 270-тен астам аулаға су жиналып, 30-шақты үйге кірген. Абырой болғанда адам және мал шығыны жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, зардап шеккен баспаналардың тізімі жасалып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аулаларда су сору жұмыстарын жүргізуде.
Шухрат Құрбанов, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары:
Отыздай үйге су кірген. Жертөледен өткен, іргетастан өткен. Қазіргі таңда ауылдың тұрмыстық жағдайы бір қалыпты. Қорқынышты ештеңке жоқ. Аулаларды тазартуға 200 дей адам, 40 техника жұмылдырылған.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05