Алматыда карантин шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин шаралары күшейтілді

28.06.2021

 Алматыда карантин шаралары күшейтілді. Бас санитар-дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, «ASHYQ» жобасына қатыспаған кәсіпкерлік нысандардың жұмыс істеу уақыты өзгереді. Мейрамхана, дәмхана сияқты қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс күндері таңғы 7-ден кешкі 8.00-ге дейін рұқсат. Бірақ 30 адамнан артық жиналмауы қажет. Сенбі, жексенбі жұмысы тоқтап, тек жеткізу қызметін қолданады. Ал спорт кешендері, фитнес-орталық, монша, бассейндер келушілерді тек жұмыс күндері қабылдайды. Сұлулық салондары, шаштараз, медициналық клиникалар, стоматология кабинеттеріне алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етілді. Вакцинация пунктінің болуына қарамастан, қаладағы базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері кешкі 5-ке дейін істеп, демалыс күндері жабылады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу