Арыс оқиғасына - 2 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс оқиғасына - 2 жыл

24.06.2021

Арыс қаласында жұртшылықты дүр сілкіндерген жойқын жарылыстың болғанына бүгін - тура екі жыл. Қару жарақ сақтайтын әскери қоймадағы дүркін-дүркін жарылыстан шағын шаһардағы 7 мың 600-дей үйдің терезелері қирады. Баспаналардың 85 пайызының шатыры бүлінді. Арыстағы 45 мыңдай халықтың жартысына жуығы төтенше жағдайдан соң бірнеше күн Шымкент қаласында тұруға мәжібүр болды. Жүздеген адамға Түркістан мен өзге аудандарда бірнеше күндеп түнеуіне тура келді. Үкімет деңгейінде қабылданған шұғыл шаралар мен барша қазақстандықтардың қолдауының арқасында арқасында шаһар бірер айда қалыпты өмірге оралды. Жарамсыз үйлердің орнына жаңасы салынды. Қирап қалған аурухана, мектеп пен балабақша, спорт нысандары, мемлекеттік мекемелер секілді 66 әлеуметтік нысан да жөнделді. Кейбірінің орнына жаңасы салынды. Ал жарылысқа кінәлі азаматтарға қатысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу