Еуропа елдері туризмді жаңғыртуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа елдері туризмді жаңғыртуға дайын

12.05.2021

Еуропа елдері карантин талаптарын кезең-кезеңімен жеңілдетіп, туризм саласын жаңғыртуға дайын. Алайда Одақ аумағында саяхаттау үшін «вакцинация төлқұжаты» міндетті шарттардың бірі болмақ. Қарт құрлықта екпе егу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бельгия маусымның 9-нан бастап шектеу шараларын тоқтатуды жоспарлап отыр. Ол үшін вирус жұқтыру оқиғалары азайып, жан сақтау бөлімдерінде науқастар саны 500-ден төмен болуы тиіс. Сол кезде ғана елде мәдени, спорттық шаралар өткізуге, еркін саяхаттауға рұқсат беріледі. Ал Франция туризмді қалпына келтіру мақсатында бюджеттен 34 миллиард доллар бөледі.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, керісінше, індеттің таралуы өршіп, қауіпсіздік талаптары күшейтіліп жатыр. Сақтық шаралары дұрыс жүргізілмей, науқастар саны күн сайын артып барады. Бангладеште ірі қалаларда тұратындар локдаунға қарамастан, Ораза айт қарсаңында үйлеріне кетуге асығып жатыр. Бұл елде «ковидке» шалдыққандар саны 770 мыңнан асқан.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу