Қазақ тілінде терминологиялық базаны қалыптастыру қажет
Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру үшін алдымен терминологиялық база қалыптастыру қажет. Әр саланы жіті зерттеп, түсінікті, тілге жатық сөздерді бекіту маңызды. «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» республикалық әдістемелік семинарына қатысушылар осылай деді. Ғылымды қазақ тілінде жүргізу бойынша мемлекет басшысы тапсырма берген. Қазір мамандар терминдерді қазақшалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін қазақ тілінде 377 мың термин жинақталған. Оның 29 мыңы бекітілді. Дегенмен заман ағымына байланысты терминдер ескіреді, жаңартуды талап етеді немесе қолданыстан шығады. Сондықтан мамандар оларды жаңғыртуды қолға алды.
Әділбек Қаба, тіл саясаты комитетінің төрағасы:
Мемлекеттік тілдің ертеңгі беделін көтереміз десек, кез келген салада ол еркін қозғалыста болсын десек Міндетті түрде осы терминологиялық базаны қалыптастыруымыз керек. Сол кезде ғана біздің былай айтқанда мемлекеттік тіліміз толыққанды кез келген салада қолданылуына мүмкіндік болады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41