Елімізде карантиндік шектеулер күшейтілмек. Әсіресе, Нұр-Сұлтанда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Өйткені бас қалада коронавирстың үнді штаммына тән мутация анықталғаны белгілі. Елдегі эпидахуал бүгін Үкіметте сөз болды.
Досжан Маратұлы, тілші:
Елімізде эпидахуал тұрақты. Тек елорда «қызыл» аймақта. Республикада соңғы аптада індет жұқтырғандар саны 4 пайызға өскен. Ауырғандардан үнді штаммы анықталып отыр. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, COVID-тің мутациланған бұл түрі әлдеқайда қауіпті. Оны жұқтырғандарда буындардың, іштің қатты ауыры және есту қабілетін жоғалту секілді қосымша симптомдар болуы мүмкін.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Науқастардан алынған зертханалалық үлгіге ПТР скрининг жүргізу кезінде үнді штаммына тән мутация анықталды. Коронавирустың «дельта» штаммы жылдам жұғады және штамм анықталған науқастардың 60 пайызында ол небары 7 күнге дейінгі инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді. Сондай-ақ таяуда жүргізілген зерттеулерге сай, коронавирустың Үнді штаммын жұқтырғандар арасында емханаға түсушілер мен қаза тапқандар әлдеқайда көп екені анықталды.
Досжан Маратұлы, тілші:
Сондықтан аурудын таралуына жол бермеу керек. Ол үшін Үкімет санитарлық талаптарды күшейтпек. Әсіресе, бас қалада карантинді қатаң сақтау маңызды.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Біріншіден, бүгін коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Екіншіден, барлық әкімдер адамдар көптеп жиналатын орындарда санитарлық талаптардың сақталуына баса назар аударуы тиіс.
Досжан Маратұлы, тілші:
Ал Премьер-Министр дәрінің жеткілікті қорын, өкпені жасанды желдету аппараттарын, жеке қорғаныш заттарын және төсек-орынды қамтамасыз етуге тапсырма берді. Әрі екпе егу жұмыстары мен шекарадағы бақылауды күшейту қажет.