Маңғыстауға 10 вагон арпа жеткізілді
Маңғыстауға 10 вагон арпа жеткізілді. Құны нарықтағы бағадан 20 теңгеге ғана арзан. Аймақта арпаның орташа бағасы -112 теңге болса, шаруаларға көмек ретінде әкелінген арпаның бір келісі - 92 теңге тұрады. Бюджет қаржысына Ақмола өңірінен тасымалданған мал азығы 4 аудан мен Жаңаөзен қаласының шаруаларына тең бөлінді. Бір кәсіпкерге 100 қаптан артық сатылмайды. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, облысқа келесі айда тағы 1 мың 96 тонна арпа жеткізіледі.
Қуанғазы Тұрақбаев, кәсіпкер:
Мына келіп жатқан 2 вагон арпа аздық қылады. Қазірдің өзінде міне 100 мешок алып отырмыз. 100 мешок мысалы маған 40 күнге жетеді. Ценасы 92 теңгеден болғанмен кішкене жоғары болып тұр. Одан да төмен болса жақсы болар еді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03