Павлодар іргесіндегі шағын ауданда жол, су мен жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар іргесіндегі шағын ауданда жол, су мен жарық жоқ

15.06.2020

Павлодардың іргесіндегі əуежай аумағында тұратын тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрайды. Тұтас шағын аудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымнан мақұрым қалған. 

Бұл аумақта құрылыс осыдан 13 жыл бұрын басталған. Баспанасы жоқ, пəтер кезегінде тұрған адамдарға өз қаржысына үй салуға мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 сотық жер телімі тегін берілді. Баспана соғып алған жұрт мұнда жазда ғана тұрып жатыр. Себебі қыста жол болмайды. Қоғамдық көлік қатынамайды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу