Алматыда коронавирустың таралуы 2 есе азайды
Алматыда ай басынан бері коронавирус жұқтырғандар саны салыстырмалы түрде 2 есе азайды. Дегенмен, науқастардың басым бөлігінде ауру белгілері бар. Осылай деген қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, бұған вирустың жаңа штамдары себеп екендігін айтты. Оның сөзінше, көпшілік қауіпті инфекцияны қоғамдық орындарда жұқтырады және көбі жұмыссыз тұрғындар мен жастар. Ал жалпы ауру өсімінің төмендеуі жаппай вакциналаудың және «Ashyq» жүйесін енгізген нысандардың көбеюінен дейді мамандар. Мегаполисте «Ashyq» қосымшасы бойынша екі айда 611 адамнан қызыл мәртебе, 150 тұрғыннан сары түс анықталған. Ал коронавирусқа қарсы екпені халықтың 18 пайызы алған. Алда бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05