Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытында өрт шықты.
Қызыл жалын түнде тұтанған. Зауыттың компрессор цехындағы мың шаршы метрге жуық аумақ отқа оранды. 13 техника мен 57 маман жұмылдырылып, тілсіз жау 1 сағатта ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тілсіз жау қайтадан өршімес үшін заводта газ беру тоқтатылды. Қазір өндіріс орны ішінара , 30 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Завод басшылығының айтуынша, қорда 2 тәулікке жететін сұйытылған газ бар. Сондықтан өңірде газ тапшылығы болмайды.
Болат Байшуақов, зауыттың бас инженері:
Өрт шыққан бөлімде кәдімгі ауа мен кәдімгі су қолданылады. Ешқандай химиялық реагенттер қолданылмайды. Химиялық улы зат бөлінді деген жалған ақпарат.
Аягөз Оралбайқызы