Шығыс Қазақстанда ұлттық халық санағының алғашқы кезеңі ойдағыдай өтіп жатыр. Мамандар бүгінге дейін өңірдегі үй-жайлардың 50 процентін санап үлгерді. Бұл үшін 465 қызметкер жұмылдырылған. Сондай-ақ 70-ке жуық нұсқаушы-бақылаушы да жұмыс істейді. Сонымен қатар sanaq.gov.kz арнайы сайты да іске қосылды. Тұрғындар кез келген уақытта сайтқа кіріп, сауалнамадағы барлық 8 сұраққа онлайн түрде жауап бере алады. Болмаса дәстүрлі форматта мамандар үй-үйді аралайды. Пандемияға байланысты санитарлық талаптар да - басты назарда.
Адина Шағаланова, интервьюер:
Өз басыма 1200 берілген. Қазіргі таңда 600 үйді өтіп қойдым. Адамдардың бәрі хабардар. Халық санағы жүріп жатқанын біледі. Жақсы қарсы алады.
Ерназ Нұрланов, облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары:
Бізде барлығы электронды жүйеде өтеді. Әр санақшы бір үйді аралағаннан кейін онлайн жүйесінде автоматты түрде біздің базаға түседі. Біз сол жерде санақшы дұрыс жауап берді ма, қандай мәлімет бар, бәрін базадан көріп отырамыз.
Берік Көшербай