Қасым-Жомарт Тоқаевқа халық санағының алғашқы нәтижесі баяндалды

08.12.2021

Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкімет басшысы Асқар Мамин Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесін баяндады.

Биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген санаққа сәйкес халықтың 59 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған. Қазақстандықтардың орта жасы - 31,94.

Жалпы, халықтың шамамен 34 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар. Ал қазақтардың үлесі 70 пайызға жеткен.

Премьер-министрдің мәліметінше, елімізде әйелдер басым. Азаматтардың 49 пайызы – ерлер болса, 51 пайызы - әйелдер.


Қазақстан халық санағы

Хабарламаларға жазылу