Ауыл әкімдерін сайлау науқаны жақындап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл әкімдерін сайлау науқаны жақындап келеді

16.06.2021

Ауыл әкімдерін сайлау науқаны жақындап келеді. Халықтың таңдауына түсетін кандидаттарды ұсынудың екі жолы бар: біріншісі, халықтың 1% дауысын жинау арқылы өзін-өзі ұсыну. Өзін ұсынған кандидаттың мемлекеттік мекемеде немесе басшылық қызметте 2 жыл еңбек өтілі болуы керек. Ал екіншісі, сайлауға саяси партиялардың атынан ұсынылады. Бұл өз кезегінде ауылды жерлерде саяси партиялардың жұмысын жандандыруға сеп болмақ. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барлық ауылда сайлау дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік саяси зерттеулер бөлімінің басшысы: 
Сайланған әкім ауыл тұрғындарының алдында жауапты болады және өзінің ісін әлдеқайда жауапты атқаруға, сайлауалды бағдарламасын іске асыруға тырысады. Себебі, оның ары қарай жұмыс істеуі, екінші мәрте сайлануы - бәрі ауыл тұрғындарына байланысты болады.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу