Зерттеу: Вакциналар коронавирустың барлық түрлерінен қорғай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зерттеу: Вакциналар коронавирустың барлық түрлерінен қорғай алады

16.06.2021

Вакциналар коронавирустың барлық түрлерімен күресте өзінің тиімділігін көрсетті. Мұны Англия Қоғамдық Денсаулық сақтау эпидемиологиялық қызметі жүргізген зерттеудің алдын-ала қорытындысы көрсетіп берді. Оның дерегінше, «ковидтің» үндістандық ең қауіпті әрі тез жұққыш варианты Дельтаның өзін екпелер басымдықпен жойған. Мысалы, Pfizer коронавирустың аса ауыр формасымен госпитальге түсу ықтималдығын 96 пайызға, ал AstraZeneca 92 пайызға төмендетіп отыр. Және де бұл препараттардың бірінші дозасының өзі аурудың асқынуына 70 пайыздан жоғары тиімділікпен жол бермеген.

Айта кетсек, "Спутник V" вакцинасы AstraZeneca технологиясымен жасалған. Сондықтан, кейбір ресейлік сарапшылардың ойынша, ол да оксфордтық баламасы тәрізді организмді үлкен мүмкіндікпен қорғай алады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу