Бүгіннен бастап Алматыда карантин жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап Алматыда карантин жеңілдеді

22.11.2021

Бүгіннен бастап Алматыда карантин жеңілдеді. Енді барлық тасымалдаушы, оның ішінде туристік бағыттар да өз қызметін бастайды. Вокзалдар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, білім беру ұйымдары, асхана, монша, спорттық-сауықтыру мен сұлулық салондары еш шектеусіз жұмыс істей алады. Сондай-ақ Ashyq қосымшасына тіркелген ұйымдар түнгі сағат үшке дейін ашық. Ал жүйедегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істей алады. Қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны да арта түседі.

Айта кетейін, 18 қарашадан бері Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақта тұр.

Хабарламаларға жазылу