Қазақстан сырттан қарыз алуды доғарады
Қазақстан сырттан қарыз алуды тоқтатады. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Оның айтуынша өткен жылғы дағдарыс халыққа да кәсіпкерлерге де ауыр тиіп, еліміз сырттан қарыз алуға мәжбүр болған. Дегенмен берешектің көлемі қауіпсіздік деңгейінен асқан жоқ. Жалпы шетелден алынған қарыздың басым бөлігі кәсіпкерлерге тиесілі. Яғни, шетелдік компаниялардың еншілес бөлімдері арасындағы қалыптасқан қарыз. Министрдің мәліметінше карона дағдарыс кезінде әлем елдерінің көбінде сыртқы қарыз бен бюджет тапшылығы өсіп кеткен. Қазақстан енді осы қарыздарды жабу жұмыстарына кіріскен.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:Біз сыртқы қарызды тым өсірмей бюджет тапшылығын азайту мақсатында ұлттық қордан трансферт те жасадық. Қазір экономикамыз тұрақталып, өсім көрсетіп жатыр. Енді дағдарыс кезінде алған қарыздарды жабуға кірістік. Мұнайға ғана тәуелді болмай экономиканың басқа салаларын әртараптандыра отырып, солардың есебінен жағдайды түзейміз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41