Қостанай облысында жасырын жұмыс істеген есірткі зертханасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жасырын жұмыс істеген есірткі зертханасы табылды

15.06.2021

Қостанай облысында жасырын жұмыс істеп келген есірткі зертханасы табылды.

55 жастағы Қостанайдың тұрғыны Рудный қаласында автогараждардың бірін жалға алып, әрекет еткен. Тінту барысында одан жалпы салмағы 308, граммнан артық есірткі тәркіленді. Бұл аса ірі көлемге жатады. Сондай-ақ, наркологиялық заттар әзірлеуге арналған құралдар мен 84 мың теңге табылды. Қылмыстық іс қозғалды.

Шахнада Жиеншенова, Рудный қалалық ПБ қызметкері:
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған ер адамның мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделуде.

Ал Қызылордада үйінің ауласында қарасора өсіріп келген тұрғын құрықталды. Сақшылар күдіктінің үй-жайын тексеру барысында жайқалып өсіп тұрған 189 түп есірткі өсімдігін анықтады. Сондай-ақ, сарайынан кептірілген марихуана да табылған. Ауласын сора алқабына айналдырған адамға қатысты қазір қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу