Шымкентте жас босанған ана 52 күнде вирустан айықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жас босанған ана 52 күнде вирустан айықты

11.06.2021

Коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түскен жүкті әйел 52 күн дегенде індетті жеңіп бүгін отбасына оралды. 38 жастағы Жадыра Баймаханова сәуір айында өкпесінің 98 пайызы қабынып, жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Бірнеше күн ес-түссіз жатқан келіншектің екі аптадан соң толғағы қысып дәрігерлер операциямен науқасты босандырып алған. Өмірге ұл бала келді. Иммунитетінің мықтылығы мен дәрігерлер еңбегінің арқасында Жадыра қатерлі індеттен айығып шықты.

Жадыра Баймаханова, Шымкент қаласының тұрғыны:
Балам аман-есен. Дәрігерлерге рахмет. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу