Шымкентте вакцина салдырған жүкті әйелдер дүниеге дені сау ұрпақ әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте вакцина салдырған жүкті әйелдер дүниеге дені сау ұрпақ әкелді

29.12.2021

Шымкентте «Pfizer» вакцинасын салдырған екі жүкті әйел дүниеге дені сау ұрпақ әкелді. Босану кезінде олардың ешбірінде асқынулар болмаған. Дәрігерлер қос ана мен баланың денсаулығы жақсы дейді.

Жалпы, Шымкент қаласында бүгінге дейін 1 жарым мыңға тарта жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын салдырған. Сондай-ақ емізілуі баласы бар 2 мыңнан астам ана екпенің арқасында ағзаларының қорғаныш қабілетін нығайтты. Олардың ешқайсысы препараттың кері әсерін сезінбеген.

Фатима Макканбаева, қала тұрғыны:

Вакцина алғаннан кейін өзімді жақсы сезіндім, жүктілік барысы жақсы өтті. Температура берген жоқ. Инфекциямен ауырған жоқпын. Босанған кезде салмағы жақсы болды, өзімнің де дансаулығым жақсы.


Хабарламаларға жазылу