Ақтөбе облысында эвакуация жүріп жатқан Ырғыз ауданында егіз қыз дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында эвакуация жүріп жатқан Ырғыз ауданында егіз қыз дүниеге келді

01.04.2024

Эвакуация жүріп жатқан Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында егіз қыз дүниеге келді. Жас босанған ана мен нәрестелер тікұшақпен аудан орталығына аман-есен жеткізілді.

Денсаулықтарына ешқандай қауіп жоқ. Қазір аудандық ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Егіздердің анасы Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Айта кетелік, өңірде тасқынның беті қайтқан жоқ. Ырғыз ауданының төрт ауылына қауіп бар.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу