Атырауда індетке шалдыққандар күрт көбейді
Атырау қаласында індетке шалдыққандар күрт көбейді. 3 тәуліктің ішінде 120-ға жуық тұрғын инфекцияның ілмегіне ілікті. Бүгін анықталған 63 адамның 44-і шаһардан тіркелді. Олардың 41-інде ауру симптомды түрде өтуде. Қазір облыстағы емдеу мекемелерінде 360-тан астам науқас жатыр. Соңғы кезде екпеге сұраныс артқан. Мәселен өткен бір тәуліктің өзінде 1200-ге жуық тұрғын вакцина алды. Өңірде 31 стационарлық және 10 жылжымалы екпе пункті жұмыс істеп тұр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05