Соның салдарынан 4 адам зардап шекті. Оқиға таңғы 04:00 шамасында Пушкин мен Төле би көшелерінің қиылысында болған.
Жылу желісі 1993 жылы қолданысқа берілген. Жарылыс салдарынан жарақат алған төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ. Көпқабатты тұрғын үйдің жеті пәтері мен оның маңында тұрақта тұрған сегіз автокөлік бүлінген. Ал, қазір жауаптылар жылу магистралінің жарылған орнын жөндеп жатыр. Олар бүгін 16:00-ге дейін апат болған аймақты қалпына келтірмекші.
Ян Гирин, «Алматы жылу жүйесі» МКК ресми өкілі:
- Барлық пәтерлер кәсіпорын қаражатына жөнделеді. Сонымен қатар, апат салдарынан бүлінген автокөлік иелеріне де көмек көрсетіледі. Алдымен олардың қаншалықты шығынға ұшырағанын анықтаймыз. Содан кейін оларға заң бойынша өтемақы беріледі.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ