Оралда бірнеше көшенің жолы опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда бірнеше көшенің жолы опырылып түсті

10.06.2021

Оралда нөсерден кейін бірнеше көшенің жолы опырылып түсті.

Тап осылай бес көшенің жолы бұзылған. Қазір шұңқыр 10 метрге дейін кеңейтіліп қазылып, жөнделіп жатыр. Кейбір ойыққа көлік те түсіп кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Жаңадан салынған жолдың астыңғы қабаты тығыздалмайды, соның кесірінен жаңбыр суы бос топыраққа сіңіп, асфальт опырылып қалады.

Арман Кенжебаев, «Батыс су арнасы» ЖШС директорының орынбасары:
Гагарин көшесінде коллектор аумағы опырылып түскен. Ол отыз жыл бұрын салынған нысан. Қазір апат орнында қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатырмыз.

Ал ауылдықтар нөсерден кейін езілген жолда батпаққа батып жатыр. Қазталов ауданының Аққурай-Жаңатаң бағытында қозғалыс мүлде қиындады. Өңірдің төрт ауданы әлі де асфальт төселмеген "жолсыз жолдың" азабын тартып келеді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу