Елімізде карантин 5 күннен кейін жеңілдеуі мүмкін
Елімізде карантин 5 күннен кейін жеңілдеуі мүмкін. Өйткені, қазір Қазақстан вирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа кірді. Егер осы тұрақтылық 5 күн сақталса, кейбір шектеулер алынады деді, - денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Ал, қазір «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды. Ал, 5 облыста жағдай орташа болса, 10 өңір «жасыл» аймақта тұр.
Күн сайын індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 768 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 5 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 26 адам қайтыс болды. Қазір 23 мыңнан астам науқас емделіп жатыр, олардың 540-ы ауыр жағдайда. Ал, бүгінге дейін 2 млн 285 мың адам екпе салдырған.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03