Томирис Байсафаның анасы аппеляциялық сотқа шағым түсіреді
Мәскеуде қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты. Алқабилер соты басты күдікті Муртузали Меджидовты кінәсіз деп тапты. Осылайша Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы ақталып, сот залынан босатылды. Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда оқу орнының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бірнеше операция жасалғанымен, есін жимастан сол жылдың 3 мамырында қайтыс болды. Томиристің туыстары оның өзіне-өзі қол салғанына сенбейді.Марқұмның анасы Жанна Ахметованың айтуынша, істі қарау барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілген.
Жанна Ахметова, марқұмның анасы:
Қазірден аппеляцияны қолға алдық. Енді хаттамаларды алған соң мен өз тарапымнан, прокуратура өз тарапынан аппеляцияға міндетті түрде шағым түсіреміз. Аппеляциялық сотта назар аударатын бірқатар процессуалдық кемшіліктер бар.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03