Жапонияда халықтың 50 пайызы Олимпиаданың өтетініне сенеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда халықтың 50 пайызы Олимпиаданың өтетініне сенеді

07.06.2021

Жапонияда халықтың 50 пайызы Токио Олимпиадасының биыл өтетініне сенеді. Елде Yomiuri газеті жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай. Мемлекет билігі де халықаралық доданы қайтсе де өткізуге ниетті. Дегенмен тұрғындардың тең жартысы эпид ахуал әлі тұрақталмағандықтан, шарадан соң науқастар саны күрт артуы мүмкін деп алаңдайды. Сөйтіп оны тағы бір жылға доғаруға шақырды. Осы себеппен 3500-дей волонтер Олимпиада кезінде жұмыс істеуден бас тартқан.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу