Қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

02.06.2021

Қаржы пирамидасын жарнамалаған азаматтарға жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Осындай ұсыныс айтқан депутаттар үш жылда 10 мыңдаған адамның зардап шеккенін жеткізді. Тұрғындар инвестициялық пирамидаларға 8 млрд 545 миллион теңге салып, шағынға батқан. Былтырдан бері қаржылық ұйым құрған алаяқтар 280-нен аса заңсыз әрекетке барған. Қазір пирамидаға жарнама жасағандардың әрекеті тек әкімшілік айыппұлмен шектеледі. Енді оларға жазаны күшейту үшін Бас прокуратура негізінде жұмыс тобын құруды ұсынып отыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу