Енді пара берушілер де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

20.04.2020

Жемқорлық үшін сотталған шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді көздеп отыр. Жаңашылдыққа сай, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айып арқалағандардың жазасын өтеу мерзімі ұзармақ. Агенттіктің мұндай бастама көтеруіне, қоғамдық пікір ықпал еткен. Яғни пара алғаны үшін сотталғандардың жазасын толық өтемей, мерзімінен бұрын босап шығуына көпшілік наразы. Сондықтан құзырын асыра пайдаланып, бюджет қаражатын миллиондап жымқырғандар жазасын толық өтеуі тиіс. Сонымен қатар, пара беруге ниет білдіргендерге де қылмыстық жауапкершілік қарастырылып жатыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу