Соттарда видеоконференция жүйесі жұмыс істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соттарда видеоконференция жүйесі жұмыс істемейді

02.06.2021

Соттағы онлайн отырыстар – соқыр мен саңыраудың әңгімесіндей. Байланыс жиі үзіліп, дыбыс шиқылдап, дауыс естілмейді. Мәжілісте Whats App пен Zoom сияқты мессенджерлерге сүйенген сот процестерінің сорақылығы айтылды. Өйткені, бүгінде бірде-бір сотта видеконференция жүйесі жұмыс істемейді. Негізі 2014-2019 жылдар аралығында бюджеттен жарты млрдқа жуық қаржы бөлініп, құрылғылар орнатылған. Бірақ, қайыры болмаған соң азаматтардан шағым көп. Ақжолдықтар бас прокурорға депуттатық сауал жолдап, ұсыныстарын білдірді. Олар барлық құжатты электрондық форматқа көшіруді жөн санайды. Дәлелдердің айғақтығын талап етпейтін істерді қарау онлайн өткені дұрыс. Тек бір жағдайда адам тағдыры онлайн шешілмеуі керек.

 Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Адамның бас бостандығынан немесе меншік құқынан айыру сияқты аса маңызды істерді барлық бүгінгі санитарлық талаптарды сақтай отырып, оффлайн режимінде қарастыруға қайта оралуды ұсынамыз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу