Наурыз мейрамында ХҚКО жұмыс істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мейрамында ХҚКО жұмыс істемейді

19.03.2024

Алдағы Наурыз мейрамында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, арнайы мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де 21 наурыздан бастап 5 күн демалады. Тек 25-і күні кезекшілер түскі бірге дейін қызмет көрсетеді.

Ал 26 наурыздан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығы қайта ашылады. Сондықтан маңызды шаруаларыңыз болса, демалысқа дейін тындырып алған дұрыс.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу