Ауыл әкімдерін сайлау жұмыс тиімділігін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл әкімдерін сайлау жұмыс тиімділігін арттырады

01.06.2021

Аудандық маңыздағы қалалар, кенттер мен ауыл әкімдерін тікелей сайлау тұрғындардың саяси белсенділігін арттырады. Сарапшылар пікірі осындай. «Сайлау туралы» Заңға енгізілген өзгертулер әкім лауазымына білікті, жергілікті мәселелерді жақсы білетін, жаңашыл көзқарастағы мамандардың келуіне сеп болмақ. Әкімдерді сайлау арқылы таңдау - жұмыс тиімділігін арттыруға, тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді жылдам шешуге әсер етеді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын толық жүзеге асыруға жол ашады.

Марат Сырлыбаев, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры: 
Осы заңнан қандай нәтиже күтеміз? Біріншіден, халық пен билік жақындасуы. Әкім ғана емес, сайлаушылардың да жауапкершілігінің артуы. Қатардағы азаматтардың мемлекетті басқару ісіне ат салысуы. еліміздегі саяси реформалардың тереңдеуі мемлекетіміздің, қоғамымыздың абырой беделін арттырады деп түсінемін. Бұл өз кезегінде елімізге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу