«Қаламқас» кен орнындағы өрт бүгін ауыздықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаламқас» кен орнындағы өрт бүгін ауыздықталады

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ. Дәл қазір Атыраудан келген арнайы техника іске қосылады. Мамандар оның көмегімен тілсіз жау бүгін ауыздықталады деп үміттеніп отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады. Өрттің нақты себептері әлі белгісіз. Арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп, шығын есептеледі. Кінәлілер соттың шешімімен жауапқа тартылады. Зардап шеккендер жоқ. Аймаққа үлкен экологиялық қауіп те болмайды

Сәбит Нұрлыбай, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Күнделікті мониторинг жүргізілуде. 4,5 шақырымнан кейін Каспий теңізі басталады. Соған байланысты «Қазгидромет» теңіздің жағалауында мониторинг жасауда. Азаматтарға қазір қауіпті ахуал жоқ. Себебі, осы кен орнына ең жақын ауыл Шебір ауылы, 70 шақырымда.

 

Оңғар АЛЫПСЫБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу